Близость слов: Окончание:





«Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидаларын бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қоса беріліп отырған ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы ________
№ __________ қаулысымен
бекітілген
Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары
1. Осы Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8 бабы 24-14) тармағына сәйкес әзірленді және белгіленген үлгідегі арнайы маркаларды енгізу арқылы ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалаудың бірыңғай жүйесін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
сыйымдылық – уылдырықпен тікелей байланыстағы ыдыс;
көз коды – шартты балық көзіне сәйкес келетін әріп: W – жабайы, С – жасанды өсірілген;
маркалардың қозғалысы – Балық шаруашылығы комитетіне келіп түсуінен бастап өтініш берушіге беру сәтіне дейінгі кезеңдерді өзіне қамтитын маркалар қозғалысы;
СИТЕС (CITES) – Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция.
топтаманың сәйкестендіру нөмірі –қайта өңдеу зауыттарында және орау кәсіпорындарында пайдаланылатын, уылдырықты бақылау жүйесіне жататын нөмір;
тығыздалған уылдырық – бекіре балықтарының бір және одан көп түрлерінің ұрықталмаған жұмыртқаларынан (уылдырықтарынан) тұратын, неғұрлым жоғары сапалы уылдырықты қайта өңдеуден және өндіруден кейін қалған уылдырық;
уылдырық – бекіре балықтарының қайта өңделген ұрықтанбаған жұмыртқалары (уылдырықтары);
3. Осы Қағидалардың қолданылуы бекіре балық түрлерінің сатумен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға таралады.
Полная версия
ИС BestProfi