Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 97-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2003 жылғы 11 тамыздағы № 62-Ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2003 жылғы 11 тамыздағы № 62-Ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
1. «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесi паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2003 жылғы 11 тамыздағы № 62-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2482 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесi паспорты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2..Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер қатынастары және геодезия саласын реттеу департаменті (Г.А. Бимендина):
1).осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2).осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3..Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.
4.. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Б. Жәмішев
Приложение к приказу Министра регионального развития Республики Казахстан от « » 2014 года № Утверждено приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами от «11» августа 2003 года № 62-П
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жер учаскесінің паспорты
Паспорт земельного участка
сельскохозяйственного назначения
1. Жалпы мәліметтер
Общие сведения
Жер учаскесінің кадастрлық нөмiрi (код)_______________________________
Кадастровый номер земельного участка (код)
Полная версия

