Близость слов: Окончание:





«Біліктілік санатын бере отырып, маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» және «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы 141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылдағы 31 шілдедегі № 8043 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Біліктілік санатын бере отырып, маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» және «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы 141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын қарап, мынаны хабарлаймыз.
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағына және «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жiбередi.
Осыған байланысты, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғамайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын қарау Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құзыретіне жатпайды.
Басқарма Төрағасының орынбасары З. Ноғайбай
Полная версия
ИС BestProfi