Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 Жарлығы
Осы редакция 28.07.2014 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды 
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында жариялануға тиіс
«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдарға Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде көрсетілген лауазымдар атауларына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атауларды қолдану құқығы берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте осы Жарлықтан туындайтын шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына
1) «Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 559-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2004 ж., № 19, 234-құжат; № 21, 265-құжат; № 33, 439-құжат 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; № 39, 429-құжат; 2007 ж., № 43, 499-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2010 ж., № 2, 12-құжат; № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 19, 229-құжат; № 37, 438-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат; № 58, 793-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары бекітілсін.»;
2) «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2009 ж., № 12, 69-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 37, 438-құжат; № 52, 710-құжат; 2012 ж., № 42, 551-құжат; № 58, 793-құжат):
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық 2013 жылғы 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Полная версия
ИС BestProfi