Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
"Есеп саясатын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 275 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылғы 16 шілдедегі № 9590 тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 «Есеп саясатын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6505 болып тіркелген, 2010 жылғы 6 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 263 (26324) жарияланған), мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
«Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасауы және ұсынуы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау ережесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8913 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
«Жылдық қаржылық есептілік есептіден кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жасалады. Жарты жылдық қаржылық есептілік ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша жасалады.»;
16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді және осы есеп саясатын сақтай отырып, бухгалтерлік есеп жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар беруі мүмкін.»;
«32. Теңгерімнен қорларды есептен шығару таңдау бойынша мынадай:
2) орташа өлшем құны әдістерін қолдана отырып жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 79-1-тармақпен толықтырылсын:
«79-1. Концессия шарттары бойынша активтер мен міндеттемелерді есепке алу тәртібі Бухгалтерлік есеп ережесінің «Концессия шарттары бойынша активтер мен міндеттемелерді есепке алу тәртібі» бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.»;
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаментіне (З.А. Ерназарова) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары  – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі  Б. Сұлтанов
Полная версия
ИС BestProfi