Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы N 773 Жарлығы
Осы редакция 25.07.2014 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды 
1995 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 13.03.2012 жылғы № 281 (өте құпия) Жарлығымен 22.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі туралы ереже; 
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2009 жылғы 26 наурыздағы
 N 773 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі туралы
ЕРЕЖЕ
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 22.07.2011 жылғы № 126 Жарлығымен (26.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 03.05.2013 жылғы № 559 Жарлығымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі (бұдан әрі - «Сырбар» қызметі) Қазақстан Республикасының Президентін, Парламенті мен Үкіметін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік ұйымдарын тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ саяси, әскери-саяси, қаржылық-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда мемлекет басшылығының саясатын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында барлау қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының, арнаулы мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Сырбар» қызметі өз іс-қимылын Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Сырбар» қызметі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде жазылған өзінің атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Сырбар» қызметі азаматтық-құқықтық қатынастарға жеке өз атынан қатысады.
5. «Сырбар» қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Сырбар» қызметі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Сырбар» қызметі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Сырбар» қызметінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Полная версия
ИС BestProfi