Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру туралы" Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2007 жылғы 28 наурыздағы N 93 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4632 болып енгізілді.
Осы редакция 18.06.2014 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды 
Қазақстан Республикасының " Мәдениет туралы " Заңын жүзеге асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса берілген Көркемөнерпаз ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру Ережесі бекітілсін. 
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 
2) осы бұйрықтың ресми жариялануын мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министрі А. Бөрібаевқа жүктелсін. 
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Мәдениет және ақпарат министрінің
 2007 жылғы 28 наурызындағы
 N 93 бұйрығымен
 бекітілген
Көркемөнерпаздар ұжымдарына 
 "Халықтық" (үлгілі) атағын беру туралы" 
 ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер 
1.»"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 қаңтардағы Заңының  7-бабына сәйкес көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру мен тәртібін айқындайтын осы Ереже (бұдан былай - Ереже) әзірленді.
2. Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру шығармашылық ұжымдардың жұмысын қосымша ынталандыру, шығармашылық қызметті жоғары деңгейде қамтамасыз ету, әр топтағы дарынды адамдардың одан әрі кәсіби қалыптасуы үшін талантты өнерпаз орындаушыларды қолдау мақсатында жүзеге асыралады. 
Көркемөнерпаздар ұжымдарына 
 "Халықтық" (үлгілі) атағын берудің тәртіптері 
3. "Халықтық" (үлгілі) атағы мәдени-демалыс мекемелерінде, мектептерде және мектептен тыс мекемелерде, жоғарғы және орта оқу орындарында тұрақты жұмыс істейтін көркемөнерпаздар ұжымдарына, меншік нысанына қарамайтын басқа да ұйымдарда құрылған мынадай: 
1) орындаушылық шеберлікке және жоғарғы көркемдік-маңызды репертуарға ие, халық шығармашылығын насихаттау жөніндегі белсенді қызметті іске асыратын халықтың барлық өскелең мәдени және рухани қажеттілігін қанағаттандыратын; 
2) шығармашылық және оқу-тәрбиелік жұмыстарымен мына жанрлар бойынша белсенді айналысатын: халық аспаптары, үрмелі және эстрадалық оркестрлеріне, вокалды-аспаптар ансамбліне және басқа да топтарға, фольклорлық және отбасылық ансамбльдеріне, ән би ансамбліне, театрлар, хореография, хорлар, вокалды, цирк, бейнелеу және қолданбалы-безендіру өнері мен фото өнеріне; 
3) халықты рухани-эстетикалық тәрбиелеуді қалыптастыратын халықтық-дәстүрлі фольклорлық шығармашылық туындыларымен, отандық және шет ел өнерінің жақсы үлгілерімен байытылған, ұжымдардың репертуарлық, көркемдік-маңыздық деңгейін көтеретін; 
4) көркемөнерпаздар ұжымдарының репертуарлары ең алдымен көпұлтты Қазақстан авторларының хореография және музыка, драматургия шығармашылығынан, сонымен қатар қазіргі заманғы халықтық шығармашылық және фольклорлық, әлемдік классикалық үздік үлгілерден қалыптасқан ұжымдарға беріледі. 
Полная версия
ИС BestProfi