Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.01.2016
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 17 маусымындағы
№ 227 бұйрығына
7-қосымша
«Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2016 жылғы 24 қаңтардан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 11.06.2015 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес
1. Мемлекеттік қызметті жоғары оқу орындары (бұдан әрі – ЖОО) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 605 қаулысымен бекітілген «Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау туралы бұйрық.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады (бұдан әрі – құжаттар топтамасы).
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының (бұдан әрі – ЖОО қабылдау комиссиясы) көрсетілетін қызметті алушыдан тікелей немесе портал арқылы келіп түскен мемлекеттік қызметтерді алуға арналған құжаттар топтамасын қарауы және көрсетілетін қызметті алушыға құжат қабылдаған тұлғаның тегін, аты-жөнін, сондай-ақ мөртаңбаны, кіріс нөмірі мен күнін көрсете отырып, құжаттарды қабылдағаны туралы қолхатты несеме электронды хабарламаны 1 (бір) жұмыс күні ішінде беруі;
2) ЖОО-ның қабылдау комиссиясы шарттар мен талаптарға сәйкестігін қарағаннан кейін ЖОО көрсетілетін қызметті алушымен білім беру қызметін көрсету (ақылы немесе білім беру гранты бойынша (ауылдық квота) туралы шарт жасасады;
3) ЖОО-ның көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерін ЖОО-ның деректер базасына енгізуі (талапкердің сауалнамалық деректері, ҰБТ немесе ТКТ сертификаты, білім беру грантын алу туралы куәліктің № (нөмірі);
4) сауалнамалық деректерді ЖОО-ның деректер базасына енгізгілгеннен кейін, ЖОО-ның басшысының 25 тамыздан кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыны ЖОО-ға қабылдау туралы бұйрығын шығару.
6. Мынадай рәсімдерді орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдердің нәтижелері:
1) ЖОО қабылдау комиссиясының құжаттарды қарауы және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат немесе электронды хабарлама беруі;
2) ЖОО-ның қабылдау комиссиясы шарттар мен талаптарға сәйкестігін қарағаннан кейін ЖОО мен көрсетілетін қызметті алушы арасында білім беру қызметін көрсету туралы шарт жасау жүзеге асырылады;
3) ЖОО-ның көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерін ЖОО-ның деректер базасына енгізуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыны ЖОО-ға қабылдау туралы бұйрықты шығару.
3. Көрсетілетін қызметті алушының ЖОО-ның қабылдау комиссиясымен мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
Полная версия
ИС BestProfi