Близость слов: Окончание:





«Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
«Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысына (Қазақстан Республикасы САПП, 2012 ж., № 52, 707-бап) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жобаларды республикалық және өнірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларында:
4)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:  
«өңірлік индустрияландыру картасы – белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) іске асырылатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жобаларының тізімін енгізген, ол Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісім бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің қаулыларымен бекітілетін өңірдің кәсіпкерлікті қолдау картасы;»;  
мынадай мазмұндағы 11), 12) және 13)-тармақшалармен толықтырылсын:
«11) жауапты мемлекеттік орган – жобаны іске асыру, сонымен қатар өтініш берушімен келісім жасасуға жауапты мемлекеттік орган;
12) келісім – Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімі бойынша жауапты мемлекеттік орган мен өтініш беруші арасында жасалатын, мемлекеттік қолдауы шараларды ұсынуды және тараптардың жобаны іске асыру бойынша жауапкершілігін ескеретін шарт;
13) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Ұлттық палата) – Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктерінің, бұдан әрі – қауымдастық (одақ) қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес, өзін-өзі реттейтін ұйым.»;
4)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«төртінші кезең – жобаларды Өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияда қарау (бұдан әрі – Комиссия).»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:  
«3-1. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес өңірлік индустрияландыру картасының жобалары бірінші кезең бойынша және салалық сараптаманы өткізуге екінші кезең бойынша іріктеуден өтеді, республикалық индустрияландыру картасының жобалары барлық төрт кезең бойыншан өтеді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия
ИС BestProfi