Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2016
Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 27.01.2016 жылғы № 32 Қаулысына сәйкес
Редакция 09.10.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 25 мамырдағы
 № 675 қаулысымен
 бекітілген
Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидалары
1. Осы Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарға енгізу тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) индустриялық-инновациялық жоба – технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және қызметтер жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені (бұдан әрі – жоба);
2) индустрияландыру картасы – белгілі бір қаржыландыру көздері, оларды іске асыру жөніндегі кестелері мен іс-шаралар жоспарлары бар республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізілген индустриялық-инновациялық жобалардың жиынтығын білдіретін индустриялық -инновациялық жүйе мониторингінің (іске асырылуының) құралы (бұдан әрі – карта);
3) республикалық индустрияландыру картасы – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын жобаларының тізбесі, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі;
4) өңірлік индустрияландыру картасы – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) іске асырылатын жобаларының тізбесі, олар өңірлік кәсіпкерлер палатасымен келісім бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің қаулыларымен бекітіледі;
4-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1073 Қаулысымен (25.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) өтініш беруші – жобаны жоспарлауды және іске асыруды жүзеге асыратын жеке/заңды тұлға;
6) өңірлік үйлестіру кеңесі – жергілікті атқарушы органдардың, банктердің, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлер бірлестіктерінің, салалық қауымдастықтардың өкілдері мен тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері құратын және басқаратын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – кеңес);
6-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1073 Қаулысымен (25.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) жобаларды қарау жөніндегі салалық комиссия – мемлекеттік органның қызметкерлері мен тиісті саланы білдіретін бизнес қауымдастық мүшелерінің арасынан келісім бойынша тиісті салалық мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен құрылатын консультативтік- кеңесші орган (бұдан әрі – салалық комиссия);
8) уәкілетті орган – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi және индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды iске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
9) индустрияландыру картасының мәселелері жөніндегі штаб – уәкілетті органның жанындағы мүдделі салалық комиссиялар басшыларының қатысуымен индустрияландыру картасына енгізу үшін жобаларды қарау мәселесі жөніндегі комиссия (бұдан әрі – штаб);
Полная версия
ИС BestProfi