Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.07.2022
Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 8 шілдесінен бастап ҚР Үкіметінің 20.06.2022 жылғы № 409 Қаулысына сәйкес 
Редакция 06.10.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 98-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 52, 707-құжат);
2) «Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1073 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 61, 575-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2016 жылғы 27 қаңтардағы
 № 32 қаулысымен
 бекітілген
Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидалары
1. Осы Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) индустриялық-инновациялық жоба – технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені (бұдан әрі – жоба);
2) индустрияландыру картасы республика деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйені мониторингтеу (іске асыру) құралы болып табылады және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалар жиынтығын білдіреді;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.09.2020 жылғы № 601 Қаулысына сәйкес (23.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) өңірде кәсіпкерлікті қолдау картасы өңір деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйені мониторингтеу (іске асыру) құралы болып табылады және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалар жиынтығын білдіреді;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.09.2020 жылғы № 601 Қаулысына сәйкес (23.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) өтініш беруші – жобаны жоспарлауды және іске асыруды жүзеге асыратын жеке/заңды тұлға;
5) өңірлік үйлестіру кеңесі – облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері жалпы санының кемінде 50%-ін бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен құратын және басқаратын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – кеңес);
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.09.2020 жылғы № 601 Қаулысына сәйкес (23.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) жобаларды қарау жөніндегі салалық комиссия – мемлекеттік органның қызметкерлері мен тиісті саланы білдіретін бизнес-қауымдастық мүшелері қатарынан келісім бойынша тиісті салалық мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен қалыптасатын, нақты салалар бойынша индустрияландыру картасына енгізуге ұсынылатын жобаларды қарайтын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – салалық комиссия);
Полная версия
ИС BestProfi