Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 500 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 қарашада № 8913 тіркелді
Осы редакция 24.07.2014 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды 
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 118-бабын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау ережесі бекітілсін.
1) «Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шоғырландырылған қаржы есептілігін жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 25 маусымдағы № 303 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2010 жылғы 19 шілдеде № 6339 болып тіркелген, 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 356-357 (26200) «Егемен Қазақстан»; 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 358-359 (26202) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған);
2) «Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен шоғырландырылған қаржы есептiлiгiн жасау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 25 маусымдағы № 303 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 417 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2012 жылғы 8 қазанда № 7987 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 қарашадағы № 722-726 (27798) «Егемен Қазақстан»; 2012 жылғы 22 желтоқсандағы № 842-846 (27917) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (З.А. Ерназарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2013 жылғы 30 қазандағы
№ 500 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау ережесі
1. Осы Ережеде пайдаланушыларға оларды ұсыну мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау және ұсыну көлемі, нысандары, мерзімділігі, мерзімі мен тәртібі белгіленеді.
2. Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдар осы Ережеде белгіленген көлемде және нысандар бойынша жылдық, жартыжылдық есептілікті жасайды.
3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі – бұл бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынған қаржылық есептілігі;
бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органның шоғырландырылған қаржылық есептілігі - бұл бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органның, төмен тұрған бюджеттердi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың және жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынған қаржылық есептілігі;
квазимемлекеттік сектордың субъектілеріне инвестициялар – бұл Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік кәсіпорындарға, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, акционерлік қоғамдарға, оның ішінде қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, сондай-ақ еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларға салынатын бюджет қаражатының салымдары;
элиминирлеу – бюджеттік бағдарламалар әкімшісі және оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері арасындағы немесе бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер арасындағы, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасындағы өзара операциялар бойынша тең соманы, сондай-ақ жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттердi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар арасындағы операцияларды алып тастау.
Полная версия
ИС BestProfi