«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40, 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
«Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 11 тамыздағы № 409 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 тамыздағы № 242 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 472 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің бірлескен бұйрығы
1. «Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 11 тамыздағы № 409 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 тамыздағы № 242 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 25 тамызда № 7141 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 5 қазанда № 319 (26710) болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті (А.Н. Выборов):
1) бір апталық мерзімде осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Б. Жәмішев
Полная версия