Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Внимание! Документ утратил силу с 19.04.2016
Нормативтiк құқықтық актiлер туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы
Осы Заң күшін жойды 2016 жылғы 19 сәуірден бастап ҚР 06.04.2016 жылғы № 480-V Заңына сәйкес
Редакция 01.03.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен (31.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
1) заң - аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының Парламентi, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайтын нормативтiк құқықтық акт;
1-тармақша өзгертілді ҚР 29.06.2007 жылғы № 271 Заңымен (18.06.2007 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2008 жылғы № 57-IV Заңымен (27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1-1) заң техникасы – нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу тәсілдерінің, талаптары мен қағидаларының жиынтығы;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 01.04.2011 жылғы № 425-IV Заңымен
2) заңнамалық акт - конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлығы, кодекс, заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары;
3) заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлер - заңнамалық және өзге де сатысы бойынша жоғары тұрған нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде және (немесе) орындау үшін және (немесе) одан әрі іске асыру үшін шығарылатын, заңнамалық болып табылмайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлер;
3-тармақша өзгертілді ҚР 01.04.2011 жылғы № 425-IV Заңымен (10.01.2011 ж. редакцияны қараңыз) 3-тармақша өзгертілді ҚР 27.04.2012 жылғы № 15-V Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4) заңнама - белгiленген тәртiппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы;
5) кодекс - осы Заңның 3-1-бабында көзделген бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар бiрiктiрiлiп, жүйеге келтiрiлген заң;
5-тармақша өзгертілді ҚР 29.06.2007 жылғы № 271 Заңымен (18.06.2007 ж. редакцияны қараңыз)
6) Конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң;
7) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi - нормативтiк құқықтық актiлердiң реквизиттерiн және осы актiлер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәлiметтердi қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк есебiнiң бiрыңғай жүйесi;
8) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi – электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған, баспа және электрондық-цифрлық нысандағы нормативтiк құқықтық актiлердiң (өзгерiстерімен және толықтыруларымен бірге) жиынтығы, олар туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледі;
8-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 121-V Заңымен (15.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
9) Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заң - Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 3-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң;
9-тармақша өзгертілді ҚР 16.06.2004 жылғы № 566 Заңымен (12.03.2002 ж. редакцияны қараңыз)
10) құқық нормасы - реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберiнде көп мәрте қолдануға есептелген, жеке дара айқындалмаған тұлғалардың тобына қолданылатын, тұрақты немесе уақытша сипаттағы жалпыға мiндеттi жүріс-тұрыс қағидасы;
10-тармақша өзгертілді ҚР 06.03.2002 жылғы № 298-ІІ Заңымен (17.10.2001 ж. редакцияны қараңыз) 10-тармақша өзгертілді ҚР 27.04.2012 жылғы № 15-V Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
11) нормативтiк құқықтық акт – референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат, сондай-ақ жазбаша ресми құжатпен бірдей және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжат;
11-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 121-V Заңымен (15.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11-1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі – мемлекеттік органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу нөмірі және деректемелері қамтылған жазбаша түрдегі тізбе;
1-бап 11-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.04.2012 жылғы № 15-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
12) нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне сәйкестiк сараптамасынан өткен нормативтiк құқықтық актiлердi баспа басылымында жариялау;
1-бап 12-тармақшамен толықтырылды ҚР 06.03.2002 жылғы № 298-ІІ Заңымен (17.10.2001 ж. редакцияны қараңыз) 12-тармақша өзгертілді ҚР 21.10.2005 жылғы № 81 Заңымен (16.06.2004 ж. редакцияны қараңыз)
12-1) нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму динамикасын және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негізде жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың қызметі;
1-бап 12-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 01.04.2011 жылғы № 425-IV Заңымен
Полная версия