Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2016
Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2016 жылғы № 486 Қаулысына сәйкес
Редакция 27.04.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                               К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 25 тамыздағы
 № 964 қаулысымен
 бекітілген
Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасы
1. Осы нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленді.
2. Қағида мемлекеттік органдардың өздері қабылдаған және (немесе) өздері әзірлеушілері болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ өздерінің құзыретіне жататын актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізу тәртібін белгілейді.
3. Осы Қағида Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын нормативтік құқықтық актілерге немесе олардың жекелеген бөліктеріне қолданылмайды.
4. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму серпінін және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негізде жүргізіледі.
2) қоғамдық қатынастардың жеке аясын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы болып табылады.
6. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін тиісті уәкілетті орган (оның ішінде іске асыруды уәкілетті орган жүзеге асыратын бұрын қабылданған актілер бойынша) әзірлеген және (немесе) қабылдаған құқықтық нормативтік актілерге қатысты уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелері жүргізеді.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2014 жылғы № 1401 Қаулысымен (18.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.01.2015 жылы № 5(28483) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7. Бірнеше мемлекеттік органдардың құзыретін бір заңнамалық актімен регламенттелген жағдайда мемлекеттік органдар жүргізетін құқықтық мониторинг жүргізу шеңберінде алынған нормативтік құқықтық актілерді талдау нәтижелері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі берілген ақпаратты қорытады және оны Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізеді.
Полная версия
ИС BestProfi