Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар Министрінің
2011 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 380 бұйрығымен
бекітілген
Құю өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар
1. Осы Құю өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (бұдан әрі - Талап) Қазақстан Республикасы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» заңының 7-бабы 17-1) тармағына сәйкес өңделді және құю өндірісінің жобалануына, құрылысына, пайдалануына және қайта салынуына пайдаланылады.
2. Қайта салынған және қайта құрылған құю өндірісін пайдаланысқа қабылдау «Құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау. Негізгі ережелер» 3.01.04-87 СНжТ сәйкес жүргізіледі.
3. Жұмысы кезінде шаң және газ бөлетін вагранкалар, болат балқытатын агрегаттар, металлдарды ыдысқа бөліп құю және құю орындары, қағу құрылғылары, араластырғыштар, ұнтақтағыштар, бытыра лақтырғыш және бытыра ағынды камералар және басқа да жабдықтар газды ұстау және шаң тазартқыш жүйелермен және құрылғылармен жабдықталады.
4. Құю өндірісі үшін жобаланатын және жасалатын технологиялық жабдықтардың автоматтандырылған және механикаландырылған басқаруы болады, апатсыз жұмысты, автоматтық бақылауды және процесті автоматтық реттеуді қаматамасыз етеді.
Құю өндірісі үшін жасалатын технологиялық жабдықтар пайдалану мерзімі мен диагностикалау әдістері көрсетілген пайдалану құжаттарымен жеткізіледі.
5. Өндіріс қоймалары алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
6. Жеңіл тұтанатын сұйықтарды (бұдан әрі - ЖТС) қолданумен, шаңды, зиянды заттарды және жылуды шығарумен байланысты құю өндірісінің технологиялық процестері жабдықталған телімдерде өткізіледі. ЖТС және қауіпті заттарды тасымалдау үшін қолданылатын ыдыстарға қауіпсіздік белгілері салынады.
7. Құю жұмыстарын орындау үшін қолданылатын өндіріс жабдықтары 12.2.003 МЕМСТ, 12.2.046.0-90 МЕМСТ, 12.2.049 МЕМСТ сәйкес келеді.
8. Конвейерлердің құрылымы мен пайдалану Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 429 бұйрығымен бекітілген Байыту жабдықтарының өнеркәсіптік қауіпсіздігінің жалпы салалық талаптарына сәйкес келеді.
9. Қолданылатын пневматикалық қол машиналары МЕМСТ 12.2.010 сәйкес келеді.
10. Жүк көтергіш машиналар, механизмдер мен жабдықтар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы № 245 бұйрығымен бекітілген Жүк көтергіш крандардың құрылысы мен қауіпсіз пайдалану бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.
11. Жұмыс аймағының ауасы (жұмыс орындарында) 12.1.005 МЕМСТ бойынша тексеріледі.
2-тарау. Құю өндірісінің аумағы, ғимараты және құрылысы
12. Аумақта өндірістің зиянды қалдықтары жиналатын орын болатын сайлардың, қазаншұңқырлардың немесе ойықтардың болуына жол берілмейді.
13. Құю өндірісінің аумағында орналасқан құдықтар люктармен жабылады.
14. Жолдар, өтетін жолдар, жаяужолдар, сыртқы баспалдақтар, эстакадалар және өтпе жолдар ақаусыз жағдайларға келтіріліп отырады: уақытылы жөнделеді, қысқы уақытта қардан тазаланады, көктайғақта топырақпен себіледі, ал түнгі уақытта жарықтандырылады.
15. Ғимараттан және құрылыстан темір жолдарға және автомобильді жолдарға шығу орындарында баръерлер құрылады.
Полная версия
ИС BestProfi