Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылшаруашылық кооперациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы» заң жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылшаруашылық кооперациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:  
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жаршысы, 1994 ж., №23-24 (қосымша)):
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«Өндірістік кооперативтің – ауыл шаруашылығы кооперативінің және оның мүшелерінің құқықтық ережелері Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы заңнамалық актімен айқындалады және оған қайшы келмейтін бөлігінде осы Кодекспен реттеледі.»;
2. «Өндiрiстiк кооператив туралы» 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жаршысы, 1995 ж., № 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы 1996 ж., № 14, 274-құжат):
заңның кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң өндiрiстiк кооперативтердiң құқықтық жағдайын, оларды құрудың, қызметiнiң, қайта ұйымдастырудың және таратудың ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік шарттарын, мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, басқару және бақылау органдарының өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгiн айқындайды.  
Өндірістік кооперативтің – ауыл шаруашылығы кооперативінің және оның мүшелерінің құқықтық жағдайы осы Заңнмен реттелмейді және Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы заңнамалық актімен айқындалады.»;
3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодекске (2008 жылғы
13 желтоқсандағы № 275-277 (25722-25724); 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 280-283 (25727-25730) «Казахстанская правда»; «Егемен Қазақстан» 2008 жылғы 13 желтоқсан, № 385-390 (25359); "РЕСМИ ГАЗЕТ" 2009 жылғы
1 қаңтар, № 1; Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 2008 ж., 
37-1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында «және селолық тұтыну кооперативтері» деген сөздер алып тасталсын;
64-баптың 1-тармағында «және селолық тұтыну кооперативтері» деген сөздер алып тасталсын;
73-баптың 11-тармағының 3) тармақшасында «және селолық тұтыну кооперативтері» деген сөздер алып тасталсын;
Полная версия
ИС BestProfi