Близость слов: Окончание:





«Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қоса беріліп отырған Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 20 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары
1. Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» және «Қазақстан Республикасындағы Көлік туралы» Қазақстан Республикасының Заныңдарына сәйкес әзірленді және рельстік көлік құралдарын пайдалану, оның ішінде инфрақұрылым объектілерін, құрылыстарды, жылжымалы құрамды және арнайы жылжымалы құрамды жөндеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар рельстік көлік құралдары ұйымдарының(кәсіпорындарының)  барлық бөлімшелері мен қызметкерлері үшін міндетті.
3. Осы Қағидалар пайдаланылатын негізгі терминдер:
1) түйіспе желісі - электр энергиясының электр жылжымалы құрамның ток қабылдағыштарына берілуін қамтамасыз ететін түйіспе рельстер, кабель және жабдық;
2) габарит – заттардың, құрылыстардың, құрылғылардың шекті сыртқы геометриялық ернеуі.
3) жылжымалы құрам – метрополитеннің вагондары, локомотивтері және арнайы жылжымалы бірліктері (арнайы жылжымалы құрамы) және трамвай вогондары (жолаушы, жүк және арнайы мақсаты);
Полная версия
ИС BestProfi