Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2015
Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын тіркелген тарифтер және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіні салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және олармен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтер бойынша сатып алуы, қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясын шартты тұтынушыларға сатуы шарттарының үлгі нысандарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 878 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 23.06.2015 жылғы № 475 Қаулысына сәйкес
«Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын тіркелген тарифтер және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және олармен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтер бойынша сатып алуы, қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын шартты тұтынушыларға сатуы шарттарының үлгі нысандарын бекiту туралы» ҚР Энергетика министрінің 02.03.2015 жылғы № 163 бұйрығын қараңыз
«Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1) қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын тіркелген тарифтер бойынша сатып алуының үлгі шартының;
2) қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіні салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтер бойынша сатып алуының үлгі шартының;
3) қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясын шартты тұтынушыларға сатуының үлгі шартының нысандары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 878 қаулысымен бекітілген
Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын тіркелген тарифтер бойынша сатып алуының үлгі шарты
  Бірлесіп «Тараптар», ал жеке-жеке «Тарап» деп аталатын, Қазақстан Республикасы ____________________ мекенжайы бойынша тіркелген
  БСН:_____, бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын ________________________________________________________________атынан
(қаржы-есеп айырысу орталығының толық атауы көрсетілсін) 
  ___________________________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін
(өкілеттіктердің туындау негізі көрсетілсін) 
  ___________________________________________________________________________________________ бір тараптан
Полная версия
ИС BestProfi