«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 25.07.2015
Лотерея қызметі және ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту және "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі көрсететін электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасы міндетін атқарушының 2012 жылғы 2 қазандағы № 294 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 4 наурыздағы № 73 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 15 наурызда № 9222 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 25 шілдеден бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2015 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес
Редакция 10.07.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасы міндетін атқарушының «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі көрсететін электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2012 жылғы 2 қазандағы № 294 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 8088 болып тіркелген, 2013 ж. 22.05. № 173-174 (27447-27448) «Казахстанская правда» газентінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Стратегиялық даму департаменті (Д. Қамзебаева):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ «Лотерея қызметі және ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 116 қаулысы қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Т. Есентаев
Полная версия