«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 04.03.2014
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі көрсететін электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының м.а. 2012 жылғы 2 қазандағы № 294 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 қарашада № 8088 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 2 қаңтардан бастап ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 04.03.2014 жылғы № 73 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Стратегиялық даму департаменті (Д. Қамзебаева):
1) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Баспасөз-хатшы (Г.Б. Жәлелитдинова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушы Ә. Пірметов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрі
__________________ А. Жұмағалиев
2012 жылғы «___» _______________
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012 жылғы 2 қазандағы № 294 бұйрығына 1-қосымша
Полная версия