Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Ақпараттандыру туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 217 Заңы
Құжат мәтініндегі «ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым», «ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымды», «Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымның», «Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым», «ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымға» сөздер «мемлекеттiк техникалық қызмет», «мемлекеттiк техникалық қызметті», «Мемлекеттiк техникалық қызметтің», «Мемлекеттiк техникалық қызмет», «мемлекеттiк техникалық қызметке» сөздермен ауыстырылды ҚР 10.07.2012 жылғы №34-V Заңы бойынша (27.04.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заң күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 24.11.2015 жылғы № 418-V Заңына сәйкес
Редакция 31.10.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң ақпараттандырудың құқықтық негіздерін белгілейді, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану және қорғау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 10.07.2009  жылғы №178-IV Заңымен (11.01.2007 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-бап өзгертілді ҚР 15.07.2010 жылғы №337-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 21 (жиырма бір) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автоматтандыру – адам еңбегін жеңілдету және оның нысандарын ығыстыру, үдерістердің өнімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында ақпаратты өңдеу, жүйелендіру, сақтау және беру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
1-тармақша өзгертілді ҚР 21.07.2011 жылғы №468-IV Заңымен (05.07.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-1) ақпараттандыру – ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастыру, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық үдеріс;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 21.07.2011 жылғы №468-IV Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратынорталық мемлекеттік орган;
2-тармақша өзгертілді ҚР № 89-V Заңымен 15.04.2013 жылғы (10.07.2012 ж редакциясын қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз).
3-тармақша алынып тасталды  ҚР 10.07.2012 жылғы №34-V Заңымен (27.04.2012  ж. редакцияны қараңыз)
4) ақпараттандыру саласындағы оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау жөніндегі, ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыруға қатысу жөніндегі міндеттер, «электрондық үкіметтің» инфрақұрылымы жобалық интеграторының функциялары жүктелген заңды тұлға;
4-тармақша өзгертілді ҚР 10.07.2012 жылғы №34-V Заңы бойынша (27.04.2012 ж. редакцияны қараңыз)
5) ақпараттық жұмыстар – электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құру жөніндегі қызмет;
6) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
7) ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беру (бұдан әрі – депозитке беру) – бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың даналарын депозитарийге сақтауға беру;
8) ақпараттық жүйелердің аудиті – ақпараттық жүйенің ағымдағы жай-күйінің, онда болып жатқан іс-әрекеттердің және оқиғалардың белгілі бір критерийлерге, техникалық регламенттерге, стандарттарға, нормативтік-техникалық құжаттамаға және (немесе) тапсырыс берушінің талаптарына сәйкестік деңгейін белгілейтін, оларды бағалаудың жүйелі процесі;
9) ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың депозитарийі (бұдан әрі – депозитарий) – бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың даналарын оларға ілеспе нормативтік-техникалық құжаттамасымен бірге жинақтауды, сипаттауды, сақтауды және жүйелеуді қамтамасыз етуге арналған арнаулы сақтау орны;
10) ақпараттық-коммуникациялық желі – ақпараттық жүйелер арасындағы немесе олардың құрамдастары арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды беруді қамтамасыз ететін техникалық және аппараттық-техникалық құралдардың жиынтығы;
10-1) ақпараттық-коммуникациялық желілер мониторингі жүйесі – компьютерлік оқиғаларға ден қоюды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелеріне, иеленушілеріне және оларды пайдаланушыларға жәрдем көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;
1-бап 10-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы №34-V Заңы бойынша
11) ақпараттық қызмет көрсету – пайдаланушыларға ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
12) ақпараттық процестер – ақпаратты құру, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, іздеу, тарату және тұтыну процестері;
Полная версия
ИС BestProfi