Ақпараттандыру саласындағы оператор туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 679 Қаулысы
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.01.2013 № 49 Қаулысымен (31.12.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 13 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 29.01.2016 жылғы № 40 Қаулысына сәйкес
«Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамына кіретін құрылымдар арасындағы ақпараттандыру саласындағы оператордың функцияларын бөлу мақсатында «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.01.2013 № 49 Қаулысымен (31.12.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1) мынадай функцияларды іске асыру үшін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы:
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1114 Қаулысымен (28.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
оларды дамытуға қатысу құқығымен ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың инвестициялық жобаларын жоспарлауға, қалыптастыруға және талдауға қатысу;
бағдарламалық-аппараттық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді енгізуді және (немесе) сүйемелдеуді, сондай-ақ осы мақсаттар үшін персоналды оқытуды жүзеге асыру;
жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары мен мемлекеттік ақпараттық жүйелеріне қол жетімділігі үшін техникалық жағдай жасауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің интернет-ресурсы мен Қазақстан Республикасы "электрондық үкіметінің" веб-порталын құруды және техникалық сүйемелдеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары интернет-ресурстарының мониторингін қамтамасыз ету;
қаржы ақпараттық жүйелерін және ресурстарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметін" қалыптастыру кезінде жобаларды басқару және техникалық сүйемелдеу;
жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйелерді қоспағанда, қаржылық ақпараттық жүйелер мен ресурстар бойынша Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» инфрақұрылымының, жобалық ықпалдастырушысы;
жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйелерді қоспағанда, қаржылық ақпараттық жүйелер мен ресурстар бойынша Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметін» қалыптастыру кезінде жобаларды басқару және техникалық сүйемелдеу.
#$1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.11.2010 № 1169; 31.12.2010 № 1497; 28.01.2013 № 49 Қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)