Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1169 Қаулысы
Редакция 29.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1169 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 42, 485-құжат):
1-тармақта:
«республикалық» деген сөз алынып тасталсын;
«республикалық бюджет қаражаты» деген сөздер «бюджет қаражаты» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысымен (11.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.08.2015 жылы № 163 (28641)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 11.03.2012 № 314 Қаулысымен. (08.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.01.2016 жылғы № 40 Қаулысымен (10.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.02.2016 жылы № 29 (28761) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия