«Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлiк қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 4 сәуiрдегi № 492 қаулысына сәйкес және ақпараттандыру саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.06.2016 жылғы № 353 Қаулысына сәйкес (19.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
1. Әкiмшiлердiң мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаларды iске асыруы, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен ақпараттық жүйелердiң аппараттық және бағдарламалық қамтылымын өзге түрде сатып алуы кезiнде осындай сатып алудың мiндеттi шарты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен келiсу болып табылады деп белгiленсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.03.2012 жылғы № 314 Қаулысымен (08.11.2010 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.04.2014 жылғы № 369 Қаулысымен (11.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.09.2014 жылғы № 995 Қаулысымен (17.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.06.2016 жылғы № 353 Қаулысына сәйкес (19.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ) оған - "БанкНет" банкаралық және қаржылық телекоммуникациялар орталығы" жабық акционерлiк қоғамын қосу арқылы қайта ұйымдастыру туралы ұсынысы қабылдансын.
1) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 21 мамырдағы N 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктер мен өзге де мемлекеттiк органдарға берілетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестердiң тiзбесiнде:
2) "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2000 жылғы 4 сәуiрдегi N 492 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 18, 188-құжат):
"оның құрамына Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң (төраға), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң (келiсiм бойынша) өкiлдерiн енгiзе отырып, Қоғамның Директорлар кеңесiн құруды қамтамасыз етсiн;
Мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру жөнiндегi ақпараттық жүйелердi аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу ережесiн әзiрлесiн және бекiтсiн;";
1) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервiнен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ-ның жарғылық қорын қалыптастыру үшiн 72 500 (жетпiс екi мың бес жүз) теңге бөлсiн;
2) 2001 жылға арналған республикалық бюджетті iске асыру туралы қаулының жобасын әзiрлеу кезiнде мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi болып табылатынын көздесiн.".
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша, осы қаулыдан туындайтын өзге де iс-шараларды жүзеге асырсын.
6. "Мемлекеттiк қаржы жүйесiнiң ақпараттық-телекоммуникациялық қызмет көрсету орталығы жабық акционерлiк қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 шiлдедегi N 956 қаулысынының күшi жойылды деп танылсын.