Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.10.2009
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 44 қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 30.10.2009 № 1720 Қаулысымен. (16.01.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңына сәйкес және ақпараттық қауiпсiздiктi, қолданыстағы әрi жасалатын мемлекеттiк ақпараттық жүйелер мен ресурстардың бiрдейлендiрiлуiн және үйлесiмдiлiгiн (ұштасуын) қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамы ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор болып белгiленсiн.
2. Жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторға мынадай өкiлеттiктер берiлсiн: 
1) оларды әлемдiк ақпарат жүйелерi мен ақпарат ресурстарына кiрiктiру мақсатында мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды орындау; 
2) бағдарламалық-ақпараттық құралдарға жүйелiк-техникалық қызмет көрсетудi және Қазақстан Республикасының ұлттық инфрақұрылымына кiрiктiрiлетiн мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi сүйемелдеудi жүзеге асыру; 
3) мемлекеттiк ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi қалыптастыру, дамыту және сүйемелдеудi ұйымдастыру-техникалық қолдауды жүзеге асыру; 
4) мемлекеттiк ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстардың бiрыңғай коммуникациялық ортасын және өзара iс-қимыл жасау жүйесiн құру әрi оны техникалық қолдау; 
5) ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзудi техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды орындау; 
6) Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымына кiрiктiрiлетiн ақпараттық жобаларға техникалық талдау жүргiзу; 
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнiндегі жұмыстар жүргiзу.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Полная версия
ИС BestProfi