1. «Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті (бұдан әрі – қызмет беруші), оның ішінде «электрондық үкімет» www.egov.kz немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы: www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 05.08.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 133 бұйрығына 4-қосымша
«Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 5 тамыздан бастап ҚР Энергетика министрінің м.а. 28.05.2015 жылғы № 378 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызмет түріне лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-әрекеттер) бастауға негіз Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 162 қаулысымен бекітілген «Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес құжаттарды беру болып табылады.
Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі іс-қимылдар тәртібі, рәсімдер (іс-әрекеттер) және оларды орындаудың бірізділігі, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімше бөлігінде барлық рәсімдерден (әрекет) өту кезеңдері:
1-рәсім - өтініш қызмет берушінің кеңсесіне беріледі немесе портал арқылы тіркеу нөмірі мен күні беріліп тіркеледі, одан кейін қызмет берушінің бірінші басшысына немесе оның орынбасарына беріледі.
Аталған рәсімді жүзеге асыру үшін ең жоғары шекті уақыт – 4 сағат;
2-рәсім - қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасары өтінішті лицензиялау және аттестаттау басқармасының басшысына береді. Аталған рәсімді жүзеге асыру үшін ең жоғары шекті уақыт – 4 сағат;
3-рәсім - лицензиялау және аттестаттау басқармасы құжаттарға алғашқы тексеруді жүзеге асырады және оларды қорытындыны қоса бере отырып, талдау және инспекциялау басқармасына немесе материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасына, не ядролық физикалық қауіпсіздік басқармасына береді немесе өзінде қалдырады. Аталған рәсімді жүзеге асыру үшін ең жоғары шекті уақыт – 6 жұмыс күні;
1-шарт - лицензиялау және аттестаттау басқармасы, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактілері анықталған жағдайда, 2 жұмыс күні ішінде қызметті алуға арналған өтінішті одан әрі қараудан жазбаша бас тартуға береді;
4-рәсім - лицензиялау және аттестаттау басқармасы немесе талдау және инспекциялау басқармасы немесе материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасы немесе ядролық физикалық қауіпсіздік және режим басқармасы көрсетілетін қызмет алушының біліктілік талаптарына сәйкестігіне талдауды жүзеге асырады, одан соң құжаттарды лицензиялау және аттестаттау басқармасына қорытындыға қоса береді. Аталған рәсімдерді жүзеге асыру үшін ең жоғары шекті уақыт – 17 жұмыс күні;
5-рәсім - лицензиялау және аттестаттау басқармасы мемлекеттік қызмет көрсету туралы қорытынды шешім дайындайды. Шешім барлық басқармалардың басшыларымен келісіледі және Комитет басшысына немесе оның орынбасарына қол қоюға беріледі. Аталған рәсімдерді жүзеге асыру үшін ең жоғары шекті уақыт – 4 жұмыс күні;
2-шарт – көрсетілетін қызмет алушы біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, лицензиялау және аттестаттау басқармасы иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу және (немесе) қосымшаларын беру туралы шешімді дайындайды. Шешім барлық басқармалардың басшыларымен келісіледі және қызмет берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қол қоюға беріледі;
көрсетілетін қызмет алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда лицензиялау және аттестаттау басқармасы стандарттың 10-тармағына сәйкес иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызмет түріне лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап береді;
6-рәсім: лицензиялау және аттестаттау басқармасы мемлекеттік қызмет көрсету туралы қорытынды шешімді алғаннан кейін лицензияны ресімдейді. Аталған рәсімдерді жүзеге асыру үшін арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 жұмыс күні.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта беру үшін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген жағдайда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша басылып шығарылады және мөрмен әрі көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен куәландырылады. Одан әрі лицензия және (немесе) лицензияға қосымша пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі немесе қол қойылғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде қолма-қол беріледі.
Полная версия