Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.05.2020
Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 378 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11450 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 2 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 жылғы № 123 Бұйрығына сәйкес          
Редакция 26.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 15.06.2017 жылғы № 205 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 05.04.2018 жылғы № 114 Бұйрығына сәйкес (30.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарында және жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан ластанған басқа аумақтарда қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
12-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес «Сараптама ұйымы ұсынған ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есептеу әдістемелерін келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.
14-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 133 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9475 тіркелген, 2014 жылғы 23 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастырылуын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы  Б. Жақсалиев
Қазақстан Республикасы  
Энергетика министрінің міндетін атқарушысының  
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 378 бұйрығына
14-қосымша
Осы Бұйрық 14-қосымшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 05.04.2018 жылғы № 114 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Сараптама ұйымы ұсынған ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есептеу әдістемелерін келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламенттің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Сараптама ұйымы ұсынған ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есептеу әдістемелерін келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 299 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11222 болып тіркелген) бекітілген «Сараптама ұйымы ұсынған ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есептеу әдістемелерін келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.
1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есептеу әдістемелерін келісім - хат, немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды беру мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындудың ұзақтығы және оларды орындаудың бірізділігі, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімше бөлінісінде барлық рәсімдерден (іс-қимылдардан) өту кезеңдері:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері реттік тіркеу нөмірі мен күнін беріп, келіп түскен құжаттарды тіркеуді немесе өтінішті қабылдаудан бас тартуды 4 (төрт) сағат ішінде жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары бұрыштамаға қол қояды және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін келіп түскен құжаттарды ядролық физикалық қауіпсіздік басқармасына 4 (төрт) сағат ішінде береді;
3) ядролық физикалық қауіпсіздік басқармасы құзыреті бойынша ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу кезіндегі есеп айырысу әдістемесінің (бұдан әрі – Әдістеме) дұрыстығын 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарастырады;
4) ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы құзыреті бойынша Әдістеменің дұрыстығын 19 (он тоғыз) жұмыс күні ішінде қарастырады;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оның орынбасары 4 (төрт) сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 4 (төрт) сағат ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оның орынбасары қол қойған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді жүзеге асырады.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) кіріс нөмірі және күні бар тіркелген өтініш немесе өтінішті қабылдаудан бас тарту;
2) салынған қарар және өтінішті ядролық физикалық қауіпсіздік басқармасына беру;
3) ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасына Әдістеменің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі туралы қорытындыны беру;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) дұрыстығы немесе дұрыс еместігі туралы қорытынды;
5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасы;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары қол қойған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі;
7) берілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары;
3) ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) ядролық физикалық қауіпсіздік басқармасы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді және Стандарттың 9- тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) олардың қолданылу мерзімінің өту фактісі орын алған жағдайда, өтінішті қабылдаудан бас тартады. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылып, қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, оларды келіп түскен күнімен тіркейді және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарауға береді.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 4 (төрт) сағат;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары бұрыштамаға қол қояды және мемлекеттік қызметті алу үшін түскен құжаттарды ядролық физикалық қауіпсіздік басқармасына береді.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 4 (төрт) сағат;
3) ядролық физикалық қауіпсіздік басқармасы құзыреті бойынша Әдістеменің дұрыстығын қарастырады және Әдістеменің дұрыстығы және дұрыс еместігі туралы қорытындыны ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасына береді.
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 8 (сегіз) жұмыс күні;
4) ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы құзыреті бойынша Әдістеменің дұрыстығын қарастырады және Әдістеменің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі туралы қорытынды дайындайды.
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 19 (он тоғыз) жұмыс күні;
5) ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы Әдістеменің дұрыстығы туралы екі қорытынды болған жағдайда Әдістемеге келісім - хат жобасын, ал Әдістеменің дұрыс еместігі туралы бір немесе екі қорытынды болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы ядролық және радиациялық қауіпсіздік және ядролық физикалық қауіпсіздік басқармаларының басшыларымен келісіледі.
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 1 (бір) жұмыс күні;
6) Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасына көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оның орынбасары қол қояды;
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 4 (төрт) сағат;
7) көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оның орынбасары қол қойған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері береді.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 4 (төрт) сағат.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жүгіну және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдардың) бірізділігінің тәртібін сипаттау осы регламентке қосымшаға сәйкес бизнес-процестің анықтамалығында келтірілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Аккредиттелген ұйым ядролық, радиациялық
және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын
жүргізу кезінде ұсынған есеп айырысу
әдістемесін келісу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Сараптама ұйымы ұсынған ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есептеу әдістемелерін келісу» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Полная версия
ИС BestProfi