1. «Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 11222) «Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 02.05.2020
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 378 бұйрығына 13-қосымша
13-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 2 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 жылғы № 123 Бұйрығына сәйкес Осы Бұйрық 13-қосымшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 15.06.2017 жылғы № 205 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Редакция 26.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану туралы көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығы, немесе Стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды беру мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерінің өтініштер мен құжаттарды тіркеу нөмірі мен күнін беріп қабылдауы мен тіркеуі және тіркелген құжаттарды көрсетілетін қызмет берушінің басшысына беруі – 15 (он бес) минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасын жауапты құрылымдық бөлімше етіп тағайындауы және өтініштер мен құжаттарды осы басқарма басшысына беруі, және жауапты құрылымдық бөлімше басшысының жауапты орындаушыны тағайындауы – 3 (үш) сағат ішінде;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (05.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын, және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Құжаттар толық болған жағдайда, құжаттар топтамасын қарастыру және ұсынылған құжаттардың сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды дайындау – 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде;
3) Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы басшысының жауапты орындаушы жасаған қорытындыны бекітуі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы шешімді дайындауы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (05.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
ұсынылған құжаттар сәйкес болған жағдайда шешімге Бұйрық жобасы қосылады, немесе ұсынылған құжаттар сәйкес болмаған жағдайда шешімге мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту – хат жобасы қосылады;
4) Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы басшысының, Заң басқармасы басшысының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы шешімді (бұрыштама қою арқылы) келісуі және көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының бекітуі – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (05.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіне көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның орынбасарының қол қоюы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерінің (іс-қимылдардың) нәтижелері:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының бұрыштамасы және құжаттарды Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасына беру;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (05.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасында жауапты орындаушыны тағайындау;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (05.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) құжаттар толық болмаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы хат, немесе
5) Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысының қорытындысы;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (05.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының басшысы бекіткен қорытынды;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (05.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы, Заң басқармасы басшыларымен келісілген, көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен немесе оның орынбасарымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы шешім;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (05.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
ұсынылған құжаттар сәйкес болған жағдайда, шешімге Бұйрықтың жобасы тіркеледі, немесе ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда шешімге бас тарту себептерін көрсете отырып мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту туралы хаттың жобасы тіркеледі;
8) ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда бас тарту себептерін көрсете отырып Бұйрықты беруден бас тарту туралы хат, немесе қорытындыда ұсынылған құжаттардың сәйкестігі туралы қорытынды болған жағдайда, Бұйрық жобасы;
9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен немесе оның орынбасарымен қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының басшысы;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (05.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) Заң басқармасының басшысы;
5) Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы.
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (05.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтініштер мен құжаттарды тіркеу нөмірі мен күнін беріп қабылдау мен тіркеуді жүзеге асырады және тіркелген құжаттарды көрсетілетін қызмет берушінің басшысына береді – 15 (он бес) минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты етіп Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасын тағайындайды және өтініш пен құжаттарды осы басқарма басшысына береді, және жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы жауапты орындаушыны тағайындайды – 3 (үш) сағат ішінде;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (05.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (05.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарастырады және ұсынылған құжаттардың сәйкес келуі немесе келмеуі туралы қорытынды дайындауды жүзеге асырады – 14 (жиырма төрт) жұмыс күні ішінде;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (05.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының басшысы басқарманың жауапты орындаушысы жасаған қорытындыны бекітеді, Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі туралы шешімді дайындауды жүзеге асырады – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (05.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
ұсынылған құжаттар сәйкес келген жағдайда шешімге Бұйрықтың жобасы тіркеледі, немесе ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда шешімге мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту – хат жобасы тіркеледі;
6) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы шешімді Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасы, Заң басқармасы басшылары (бұрыштама қою арқылы) келіседі, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары бекітеді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (05.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды – 1 (бір) жұмыс күні.
9. Көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі жүгіну тәртібі мен рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламентке қосымшаға сәйкес бизнес-процестің анықтамалығында келтірілген. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (05.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Полная версия