Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.05.2020
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 22 сәуірдегі
№ 299 бұйрығына
13-қосымша
Осы Бұйрық 13-қосымшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 24.02.2017 жылғы № 69 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды  
13-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 2 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 жылғы № 123 Бұйрығына сәйкес
«Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 19.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.02.2019 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (28.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын, және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту туралы немесе басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану туралы көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығы, немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге дәлелденген бас тарту туралы жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса есептегенде сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Өтініштерді қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушының (не көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкілінің) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде қажет құжаттар тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 жылғы № 215 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (16.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды)
Көліктік қаптама комплектілерінің (бұдан әрі – КҚК) конструкциясын бекіту үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша КҚК конструкциясын бекітуге арналған өтінім;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.02.2019 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (28.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) B (U) типіне, С типіне және уран гексофторидіне КҚК конструкциясын бекіту үшін:
физикалық және химиялық құрамы және сәулелену сипаты көрсетілген болжамды радиоактивті құрамның толық сипаттамасы;
инженерлік-техникалық құжаттаманың (сызбалардың) толық жинағын, пайдаланылатын материалдардың тізбесін және дайындау әдістерін қоса алғанда, КҚК конструкциясының толық сипаттамасы;
жүргізілген сынақтар және олардың нәтижелері туралы акт;
КҚК пайдалану және оны пайдаланған уақытта қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар;
егер ҚҚК 100 килоПаскальға тең манометрлік қысымнан асып түсетін ең жоғарғы деңгейдегі қалыпты жұмыс қысымына есептелген болса, қорғауыш қабықша жүйесінің конструкциялық материалдарының, таңдап алуы жоспарланған сынамалардың және ұсынылған сынақтардың толық сипаттамасы;
егер болжауы радиоактивті құрамы сәулеленген отын болса, онда қауіпсіздікті талдау кезінде жасалған отынның сипаттамасына қатысты кез келген жорамалдың дәйектемесі және шығарған елдің талаптарына сәйкес талап етілетін тасымал алдындағы кез келген өлшеулердің сипаттамасы;
көліктің әралуан түрлерін және тасымалдайтын құралдардың немесе жүк контейнерінің типін пайдалануды ескере отырып, КҚК-ден жылуды қауіпсіз бұрып әкету үшін қажет салудың кез келген арнайы шарттарын сипаттауды;
КҚК құрастыруын суретпен сипаттаушы өлшемі 21 см х 30 см артық емес нақты көшірмесін алуға жарайтын кескінделген бейнелемені;
КҚК-нің ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздігі сараптамасының нәтижелері ұсынылады;
3) B (М) типіне КҚК конструкциясын бекіту үшін осы қосымшаның 2) тармақшасында талап етілетін мәліметтерден бөлек:
тасымалдау кезінде қолданылуға жататын, қаптаманың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін немесе кемшіліктердің орнын толтыру үшін талап етілетін пайдалануды бақылаудың ұсынылған кез келген қосымша шаралары туралы мәліметтерді;
көліктің түрі жайында кез келген шектеулер туралы және жүк тиеудің, тасымалдаудың, түсірудің немесе өңдеудің кез келген арнайы рәсімдері туралы мәліметтерді;
тасымалдау кезінде күтілетін және конструкцияда ескерілген сыртқы орта жағдайлары (температура, күн инсоляциясы) ауқымының өзіндік ерекшелігін ұсыну қажет.
Басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен КҚК конструкциясына сертификат-рұқсаттардың қолданылуын Қазақстан Республикасы аумағына тарату үшін:
1) осы мемлекеттік қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша КҚК конструкциясына басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен сертификаттар-рұқсаттардың қолданылуын Қазақстан Республикасының аумағына таратуға арналған өтінім;
2) басқа елдің уәкілетті органы бекіткен КҚК конструкциясына сертификат-рұқсаттардың есепке алынған көшірмесі;
3) КҚК тасымалдау кезіндегі радиациялық қорғау бағдарламасының толық сипаттамасы.»;
10. Мыналар:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 жылғы № 215 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (16.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды)
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебін жойған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрліктің басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері, немесе «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы қабылданады (бұдан әрі – Портал).
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Шағымның қабылданғанын растау оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы, немесе Портал арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуі мүмкін.
4-тарау. Мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
14. Мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: Министрліктер үйі ғимаратының он төртінші және он бесінші кіреберістер арасында орналасқан мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған бөлек кіріспен жабдықталған.
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мекенжайы:
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 жылғы № 215 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (16.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды)
1) Министрліктің интернет-ресуросында - www.energo.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімі»;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында www.kaenk.energo.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі.» орналасқан.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.07.2017 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (24.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
17. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.07.2017 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (24.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Көліктік қаптама комплектілерінің 
конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа
 елдердің уәкілетті органдары бекіткен 
Қазақстан Республикасының аумағында оларға
 сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану» 
​мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.02.2019 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (28.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
 (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/заңды тұлғаның атауы)
 Сіздерден ____________ (толық атауы) көліктік қаптама комплектілерінің
 конструкциясын бекітуді / немесе _______________________________________ (сертификат-рұқсатты берген орган көрсетіледі)
сертификат-рұқсаттардың күшін қолданылуын Қазақстан Республикасы
 аумағына 20__ жылғы «__» ________ дейінгі мерзімде таратуды сұраймын.
 Жеке/заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________
 Телефон, факс, электрондық пошта _________________________________
Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
 Жеке /заңды тұлға басшысы ___________________________ _______ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Полная версия
ИС BestProfi