БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 02.05.2020
«Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 299 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 69 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 сәуірде № 15012 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 2 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 жылғы № 123 Бұйрығына сәйкес
1. «Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 299 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11222 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 14 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарында және жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан ластанған басқа аумақтарда қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғауға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.»;
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Полная версия