1. «Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғауға лицензия беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылдың 22 сәуірінде № 299 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде № 11222 болып тіркелген) «Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 02.05.2020
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 378 бұйрығына 9-қосымша
9-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 2 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 жылғы № 123 Бұйрығына сәйкес
«Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.10.2017 жылғы № 360 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 26.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.10.2018 жылғы № 401 Бұйрығына сәйкес (30.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғауға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, көрсетілетін қызметті алушының қайтып алуғақанағаттандырылған өтініші, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұру немесе жаңғырту туралы шешім немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 21.05.2019 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Стандарттың 9- тармағына сәйкес құжаттарды қоса тіркеген қызметті алушының электрондық сауалы негіз болып табылады.
5. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру жағдайында мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және оларды орындаудың бірізділігі, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімше бөлігінде барлық рәсімдерден (іс-қимылдардан) өту кезеңдері:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.10.2018 жылғы № 401 Бұйрығына сәйкес (30.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) дүйсенбі және жұма аралығында сағат 9-00-ден 18-30 дейін көрсетілетін қызметті алушыдан портал арқылы түскен мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініш көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкерімен келіп түскен күнімен тіркеледі және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарауға беріледі. Өтініш жұмыс істелмейтін уақытта, демалыс және мейрам күндері түскен жағдайда еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары лицензиялау басқармасының басшысына бұрыштама салады.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 1 (бір) сағат;
3) лицензиялау басқармасы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) олардың қолданылу мерзімінің өту фактілері анықталған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауап береді. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған және мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, оларды бастапқы тексеру туралы қорытындыға қоса ядролық физикалық қауіпсіздік басқармасына жібереді.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 2 (екі) жұмыс күні;
4) ядролық физикалық қауіпсіздік басқармасы көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін қажет талаптарға сәйкестігіне талдауды жүзеге асырады және сәйкес келу немесе сәйкес келмеу туралы қорытындыны лицензиялау басқармасына береді.
Аталған рәсімді жүзеге асыруға арналған ең жоғары шекті уақыт – 25 (жиырма бес) жұмыс күні;
5) лицензиялау басқармасы мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы туралы шешім дайындайды. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін қажет талаптарға сәйкес келген жағдайда, лицензиялау басқармасы лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы шешім дайындайды, көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін қажет талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту туралы шешім дайындайды. Шешім лицензиялау мен ядролық физиқалық қауіпсіздік басқармаларының басшыларымен келісіледі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен немесе оның орынбасарымен бекітіледі. Лицензиялау басқармасы бекітілген шешімді алғаннан кейін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді.
Полная версия