Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.08.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
 министрінің
 2014 жылғы 9 сәуірдегі
 № 243 бұйрығына
 7-қосымша
«Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 18 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 жылғы № 625 Бұйрығына сәйкес
1. «Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 15-1) тармақшасының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 240 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру (бұдан әрі – сертификат, сертификаттың телнұсқасы) болып табылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процессінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау негіздемесі қызметті алушының өтініші мен стандартта көрсетілген құжаттар тізімін ұсынуы болып табылады.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процессінің рәсімі (іс-қимылы):
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде кіріс хат-хабарды тіркеу журналына қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті ұсынған құжаттарын тіркейді және оларды қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді;
2) қызметті берушінің басшысы екі сағат ішінде қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті ұсынған құжаттарын қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің аэронавигация басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) басшысына жібереді;
3) Басқарма басшысы екі сағат ішінде қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті ұсынған құжаттарын қарайды және оны Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) жібереді;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшысы) қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті өтінішін және өзге де құжаттарын алған күнінен бастап 20 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылған құжаттарға баға береді.
Қызметті алушы ұсынған құжаттама бағасының оң қорытындысы кезінде Басқарманың бас сарапшысы (сарапшысы) көрсетілетін қызметті алушыға қызметті берушінің басшысы қол қойған қызметті алушыны сертификаттық тексеру туралы шешімді жібереді (Бұдан әрі - шешім) және оң шешім қабылданғаннан кейін Басқарманың бас сарапшысы (сарапшысы) 3 жұмыс күні ішінде қызметті алушыны сертификаттық тексеруді өткізу үшін комиссия құру туралы бұйрықты қабылдауды қамтамасыз етеді, оның жұмысы аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қызметті алушыға келісілген комиссия мүшелерімен және қызметті берушінің басшысы не ол бекіткен уәкілетті адамның сертификаттық тексеру актісін (бұдан әрі - акт) жолдайды.
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) актіге қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күннен аспайтын мерзімде сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) ресімдейді және қызметті беруші басшысының сертификатқа қол қоюын қамтамасыз етеді.
Бас сарапшы (сарапшы) актіні бекіткеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде қызметті алушының өзі келген кезде сертификатты (сертификаттың телнұсқасын) береді. 
Бас сарапшы (сарапшы) қызметті алушының атауы немесе оның ұйымдастыру-құқықтық нысанының өзгеруіне байланысты қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті өтініші мен өзге де құжаттары тіркелген күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде сертификатты беруді жүзеге асырады.
7. Мынадай рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөніндегі рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижесі:
1) қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті ұсынған құжаттарды қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оны қызметті берушінің басшысына тапсыру;
Полная версия
ИС BestProfi