Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 ақпандағы №146 және «Электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 13 наурыздағы № 235 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 ақпандағы № 146 және «Электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 13 наурыздағы № 235 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы №146 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПУАЖ-ы, 2013 ж., №106, 286 - құжат, 2013 ж., №40, 603 – құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген, Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларында:
5 - тармақта:
бірінші бөлікте:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жарғының және заңды тұлға ретінде мемлекеттік (қайта тіркеу) тіркеу туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тиісті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттар, атап айтқанда:
өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге аккредиттелетін сараптамалық ұйым - энергоаудиторлар үшін - осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес меншік* құқығындағы ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар, олардың аттестациясы мен мемлекеттік тексерісі;
үйлердің, ғимараттардың және құрылыстардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтерді көрсету үшін аккредиттелетін энергия аудитін жүргізетін сараптамалық ұйымдар үшін - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес меншік* құқығындағы ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар, олардың аттестациясы және мемлекеттік тексерісі;
Ескертпе: * Меншік құқығындағы ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар өтініш берілетін күнге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген айналым-айырма тізімдемесімен куәландырылған болуы керек;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) штатта жоғары инженерлік-техникалық білімі бар (олардың жоғары білімі туралы дипломдарының көшірмесін қоса отырып), жалпы техникалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл білікті персоналдың болуын растайтын құжаттар, атап айтқанда:
өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге аккредиттелетін сараптамалық ұйым - энергоаудиторлар үшін – штатта білікті персоналдың құрамында төрт адамнаң кем емес болуы, соның ішінде электр қауіпсіздігі бойынша рұқсаттың IV және одан жоғары тобы бар кем дегенде бір электр энергетик;
үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге аккредиттелетін сараптамалық ұйым - энергоаудиторлар үшін – штатта білікті персоналдың құрамында екі адамнаң кем емес болуы, соның ішінде электр қауіпсіздігі бойынша рұқсаттың III және одан жоғары тобы бар кем дегенде бір электр энергетик;
Полная версия