Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.08.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2014 жылғы 12 наурыздағы
№ 103 бұйрығына
6-қосымша
«Өнеркәсіптік үлгіге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 30 тамыздан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2015 жылғы № 304 Бұйрығына сәйкес
1. Аталған «Өнеркәсіптік үлгіге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы, оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.e.gov.kz  (бұдан әрі - Портал) арқылы көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы «Өнеркәсіптік үлгіге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі» туралы № 92 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты  (бұдан әрі - станарт) негізінде көрсетіледі.
2. Қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - қағаз жеткізгіште берілген, Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінде тіркелген өнеркәсіптік үлгіге патент не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Портал арқылы өтініш берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайын екені және өнеркәсіптік үлгіге патентті пошта немесе курьерлік байланыс арқылы жібергені туралы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хабарламасы не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды түрдегі дәлелді жауап.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі стандарттың 4-тармағында қаралған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
1. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет берушінің тәртібінің (іс-қимылын) бастауының негізі қызмет алушының жүгінуі болып табылады:
1) сараптама ұйымына қағаз түрінде - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес белгіленген жазбаша түрдегі өтінімді (бұдан әрі - өтінім) стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасымен қоса;
2) портал арқылы- мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес белгіленген жазбаша түрдегі өтінімді стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасымен қоса;
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің процесіне кіретін тәртіптер (іс-қимылдар):
1) өтінімді сараптамалық ұйымның кеңсесі қызметкерінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - «ҰЗМИ» ААЖ) тіркеуі;
2) өтінімнің сараптама ұйымының жетекшісімен қаралуы;
3) өтінімнің сараптамалық ұйымының өнеркәсіптік үлгілер сараптама басқармасы қызметкерімен қаралуы;
4) сараптама қорытындысының қызмет берушінің қызметкерімен қаралуы;
5) сараптамалық ұйымның қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы өнертабыстардың мемлекеттік тізіліміне мәлімет енгізіп, ресми бюллетеньде жариялау мен қорғау құжатын беруге дайындау;
6) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет алушыға жолдау.
Полная версия
ИС BestProfi