Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.10.2018
Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 304 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11559 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 30 қазаннан бастап ҚР Әділет министрінің 11.10.2018 жылғы № 1481 Бұйрығына сәйкес
Редакция 28.04.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 08.01.2016 жылғы № 7 Бұйрығымен (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 20.03.2018 жылғы № 445 Бұйрығына сәйкес (20.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасына және өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламенті;
3-1) осы бұйрықтың 3-1-қосымшасына сәйкес «Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Өнеркәсіптік үлгіге патент беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес «Өнертабысқа патент беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
9) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес «Селекциялық жетістікке патент беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 13.01.2017 жылғы № 33 Бұйрығымен (08.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде ресми жариялану және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
1) «Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 103 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылғы 11 сәуірде № 9312 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы З. Баймолдина
Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің  
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 304 бұйрығына 3-1-қосымша
Осы Бұйрық 3-1-қосымшамен толықтырылды ҚР Әділет министрінің 20.03.2018 жылғы № 445 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру» мемлекеттік көрсетiлетiн қызметін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі көрсетеді, оның ішінде «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 30 сәуiрдегi № 251 бұйрығымен бекiтiлген «Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау» туралы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi – стандарт) негiзiнде көрсетiледi (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11407 болып тiркелген).
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) не (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.
Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мемлекеттік мекеменің мөрімен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызмет алушыға көрсетілетін қызмет берушінің басшысы орынбасары электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭСҚ) қойылған электронды құжат нысанындағы патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігі немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздерде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолданады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрауды стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтінішті және өзге құжаттарды алуы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтылығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы тіркеу нөмірі мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы, құрылымдық бөлімшенің басшысына қарауға жіберу – орындау уақыты 30 минут;
2) құрылымдық бөлімшенің басшысы өтініштің орындаушысын белгілейді – орындау мерзімі 3 сағат;
3) орындаушы өтінішті қарайды және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін рәсімдейді – орындау мерзімі бір жұмыс күні;
4) құрылымдық бөлімшенің басшысымен мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін келісу – орындау мерзімі 2 сағат;
5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысымен немесе ол уәкiлеттiк берген адаммен мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiне қол қою және оны көрсетiлетiн қызметтi алушы порталына жiберу – орындау мерзімі 2 сағат;
6) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi қағаз тасығышта алу үшiн жүгiнген жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi портал арқылы электрондық нысанда рәсiмделедi, басылып шығарылады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының немесе ол уәкiлеттiк берген адамның қолымен расталады және кеңсе маманы көрсетiлетiн қызметтi алушыға жолдайды.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-қимылдар):
2) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттардың толық болуын тексеру;
3) 3-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының ЖТ МДҚ-да-жеке тұлға туралы ақпаратының, ЗТ МДҚ-да-заңды тұлға туралы ақпаратының, ИСАЖ-жеке кәсіпкерлік бойынша мәліметінің, БП АЕА ААЖ АЖ-де-соттылығы болуы не болмауы туралы мәліметінің деректерiн тексеру;
4) 4-процесс – мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы порталда барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы белгi көрсетiледi.
7. Мынадай рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) орындалуын бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi маманының тiркеу нөмiрi мен күнiн бере отырып, көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын қабылдауы, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы орынбасарына қарауға жiберу;
2) құрылымдық бөлімшенің басшысының орындаушыны белгілеуі және қарар қою;
3) орындаушының өтінішті қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеуі;
4) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЖТ МДҚ-да-жеке тұлға туралы ақпаратының, ЗТ МДҚ-да-заңды тұлға туралы ақпаратының, ИСАЖ-жеке кәсіпкерлік бойынша мәліметінің, БП АЕА ААЖ АЖ-де-соттылығы болуы не болмауы туралы мәліметінің деректерiн орындаушының тексеруі;
5) қырылымдық бөлімшенің басшысымен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келісу;
6) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы орынбасары мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы;
7) көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдау.
3-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылы тәртiбiнiң сипаттамасы
8. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мынадай құрылымдық бөлiмшелерi (жұмысшылары) қатысады:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;
2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы орынбасары;
9. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлер арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының тіркеу нөмірі мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы, құрылымдық бөлімшенің басшысына қарауға жіберу, отыз минут ішінде;
2) құрылымдық бөлімшенің басшысының орындаушыны белгілеуі және қарар қою, екі сағат ішінде;
құжаттарды қараудан бас тарту үшін негіздеме болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады;
құжаттар сәйкес келген жағдайда – мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін жолдайды;
4) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдейді, бір жұмыс күні;
5) құрылымдық бөлімшенің басшысымен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келісу, екі сағат;
6) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы орынбасары мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы және оны көрсетілетін қызметті алушының порталына жіберуі, екі сағат;
7) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi қағаз тасығышта алу үшiн жүгiнген жағдайда, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi портал арқылы электрондық нысанда рәсiмделедi, басылып шығарылады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы орынбасарының қолымен расталады және кеңсе маманымен көрсетiлетiн қызметтi алушыға жолданады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме стандарттың 10-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігі болып табылады.
11. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерi) өзара iс-қимылының және рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының) реттiлiгiнiң жан-жақты сипаттамасы, сондай-ақ басқа көрсетiлетiн қызметтi алушылармен өзара iс-қимылы тәртiбi осы Регламентке қосымшаға сәйкес, «Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру» мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерi анықтамалығында көрсетiледi.
4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiнiң сипаты
12. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы сұрау салуды берген жағдайда, аталған сұрау көрсетілген қызметті берушінің қарауына жолданады.
«Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру» таңдаған кезде, портал көрсетiлетiн қызметтi алушы туралы деректердi автоматты түрде толтыра отырып, өтінімді берудiң бастапқы қадамын қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті алушы сұрау салуды портал арқылы «жеке кабинеттен» жiберген кезде өтiнiш туралы ақпарат қол жетiмдi болады, оны көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында жаңартып отырады (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгi, қаралу немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
13. Көрсетiлген қызметтi алушы портал арқылы жүгiнген кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтiнiш беру тәртiбiн және рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау осы регламенттің 6-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
«Патенттік сенім білдірілген
өкіл куәлігін беру» мемлекеттiк
көрсеттiлетiн қызмет регламентiне
қосымша
«Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру» мемлекеттiк көрсеттiлетiн қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығы
Полная версия
ИС BestProfi