Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.08.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2014 жылғы 12 наурыздағы
№ 103 бұйрығына
10-қосымша
«Селекциялық жетістікке патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 30 тамыздан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2015 жылғы № 304 Бұйрығына сәйкес
1. Аталған «Селекциялық жетістікке патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы, оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.e.gov.kz (бұдан әрі - Портал) арқылы көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы «Селекциялық жетістікке патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі» туралы № 92 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - станарт) негізінде көрсетіледі.
2. Қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - қағаз жеткізгіште берілген, Селекциялардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген селекциялық жетістікке патент не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Портал арқылы өтініш берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайын екені және селекциялық жетістікке патентті пошта немесе курьерлік байланыс арқылы жібергені туралы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хабарламасы не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды түрдегі дәлелді жауап.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі стандарттың 4-тармағында қаралған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
1. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет берушінің тәртібінің (іс-қимылын) бастауының негізі қызмет алушының жүгінуі болып табылады:
1) сараптама ұйымына қағаз түрінде - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес белгіленген жазбаша түрдегі өтінімді (бұдан әрі - өтінім) стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасымен қоса;
2) портал арқылы- мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес белгіленген жазбаша түрдегі өтінімді стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасымен қоса;
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің процесіне кіретін тәртіптер (іс-қимылдар):
1) өтінімді сараптамалық ұйымның кеңсесі қызметкерінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - «ҰЗМИ» ААЖ) тіркеуі;
2) өтінімнің сараптама ұйымының жетекшісімен қаралуы;
3) өтінімнің сараптамалық ұйымының өнертабыс, пайдалы модель және селекциялық жетістіктерді тіркеу және алдын-ала сараптама жасау басқармасы қызметкерімен қаралуы;
4) сараптама қорытындысын мемлекеттік қызмет беруші қызметкерімен қаралуы;
5) Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Республикалық мемлекеттік басқару органының Ауыл шаруашылық дақылдарының сортын сынақтан өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясы мен Тұқымдарды сынақтан өткізу және сапасын анықтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы селлекциялық жетіске патентіке кабилеттілегин сынауды жіргізу;
6) сараптамалық ұйымның қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне мәлімет енгізіп, ресми бюллетеньде жариялау мен қорғау құжатын беруге дайындау;
Полная версия
ИС BestProfi