Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.07.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2014 жылғы 1 сәуірдегі
№ 139-ө бұйрығына
2-қосымша
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 21 шілдеден бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.05.2015 жылғы № 407 Бұйрығына сәйкес
Редакция 11.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі - регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабы 2) тармақшасына  , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына > (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және көрсетілетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін (бұдан әрі - МБЗТ) тағайындау рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 11.12.2014 жылғы № 313 Бұйрығымен (01.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (жарияланбаған)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);
МБЗТ тағайындауға алғаш жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:  
уәкілетті ұйымда не ХҚО-да - мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы хабарлама;
порталда - уәкілетті ұйымның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тағайындау туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:
1) МБЗТ тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің бөлім (басқарма) маманы екі жұмыс күні ішінде:
1-тармақша өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 11.12.2014 жылғы № 313 Бұйрығымен (01.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (жарияланбаған)
уәкілетті ұйымның филиалынан келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
Полная версия
ИС BestProfi