Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.04.2021
Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11503 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 10 сәуірден бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.03.2021 жылғы № 84 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 09.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 жылғы № 1024 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 26.02.2016 жылғы № 152 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.01.2017 жылғы № 2 Бұйрығына сәйкес (24.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.10.2017 жылғы № 328 Бұйрығына сәйкес (30.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.01.2018 жылғы № 20 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.02.2019 жылғы № 66 Бұйрығына сәйкес (29.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2019 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес (11.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес «Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті бекітілсін.
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес «Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті;
Полная версия
ИС BestProfi