Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.04.2021
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы № 407
бұйрығына 13-қосымша
Осы Бұйрық 13-қосымшамен толықтырылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.01.2017 жылғы № 2 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Регламент күшін жойды 2021 жылғы 10 сәуірден бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.03.2021 жылғы № 84 Бұйрығына сәйкес
«Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
Осы Регламенттің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.02.2019 жылғы № 66 Бұйрығына сәйкес (23.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 03.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – Регламент) «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрықпен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекітілген «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі және Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға оның біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру, ұзарту және оны қайта ресімдеу рәсімін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.02.2019 жылғы № 66 Бұйрығына сәйкес (23.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.01.2018 жылғы № 20 Бұйрығына сәйкес (30.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында болған жағдайда – көрсетілетін қызметті беруші;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
1) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін біліктіліктің сәйкестігі туралы анықтаманы (бұдан әрі – анықтама) электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысаны бойынша үш айға дейінгі мерзімге беру;
2) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында жұмысқа орналасқан жағдайда анықтаманы ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысаны бойынша үш ай ішінде беру;
4) Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы;
5) анықтама жоғалған, бұзылған кезде – 5 (бес) жұмыс күні ішінде анықтаманың телнұсқасын беру мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері болып табылады.
2 тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
6. Көрсетілетін қызметті алушының 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.01.2018 жылғы № 20 Бұйрығына сәйкес (30.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Анықтаманы үш айға дейінгі мерзімге беру кезінде:
Полная версия
ИС BestProfi