Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
 әлеуметтік даму министрінің
 2015 жылғы 28 мамырдағы
 № 407 бұйрығына
 3-қосымша
3-қосымша өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 жылғы № 1024 Бұйрығымен (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 26.02.2016 жылғы № 152 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3-қосымша өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 24.11.2016 жылғы № 974 Бұйрығымен (26.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-қосымша өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.10.2017 жылғы № 328 Бұйрығымен (24.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.02.2019 жылғы № 66 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
="red">Редакция 03.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекітілген «Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – жәрдемақылар) тағайындау ресімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау туралы ақпарат алу кезінде – www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;
мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін мүгедектігін алғашқы айқындау кезінде көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
жәрдемақыны тағайындауға Мемлекеттік корпорация арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда – Мемлекеттік корпорация арқылы;
жәрдемақылар тағайындау туралы ақпарат алу бөлігінде портал арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
Мемлекеттік корпорацияда – жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама;
порталда – көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi