Близость слов: Окончание:





«Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
  1) «Бiлiктiлiк санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
  2) «Бiлiктiлiк санатын бере отырып, маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
  3) «Медициналық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
   4) «Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн жеке тұлғаларды аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
  5) «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
  6) «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
   7) «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасының белгiлi түрiн өндiру құқығына бiлiктiлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;  
  8) «Медициналық технологияларға клиникалық зерттеулер жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
  9) «Адам ағзаларын (ағза бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
  10) Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.  
   2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Н.Е. Бейсен):
   1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның заңнамада белгіленген тәртіппен одан бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
  2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
   3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтаужәне әлеуметтік даму вице-министрі С.Р. Мусиновке жүктелсін.
  4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Полная версия
ИС BestProfi