Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.11.2015
Учаскелік полиция инспекторларының бөліністері орындайтын жұмыстың уақыт нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 533 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 13.11.2015 жылғы № 919 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Учаскелік полиция инспекторларының бөліністері орындайтын жұмыстың уақыт нормалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ.Демеуовке және Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі
2014 жылғы «_____» ___________
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
 әлеуметтік даму министрлігінің
 20__ жылғы «___» __________
 №__________
хатымен (20__ жылғы «___» ______ дейін)
 ҰЗАРТЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің 2014 жылғы
19 тамыздағы № 533 бұйрығымен
бекітілді
Учаскелік полиция инспекторлары бөлінісі атқаратын жұмыстың уақыт нормалары
Уақыт нормалары ішкі істер органдары жүйесінің аумақтық бөліністерінде қолдану үшін арналған.
Уақыт нормалары учаскелік полиция инспекторларының (бұдан әрі -УПИ) нормативтік жүктемесін айқындауға арналған және олардың қажетті штат санын айқындау үшін негіз болады.  
Уақыт нормаларын әзірлеуге негіз ретінде:
хронометраждық бақылаулар негізінде жұмсалған жұмыс уақытын зерделеу материалдары;
учаскелік полиция инспекторлары қызметін сараптамалық бағалау деректері;
учаскелік полиция инспекторларының жұмыс еңбегіне әсер ететін негізгі факторларды сипаттайтын статистикалық деректер;
еңбек мөлшерлемелерін ұйымдастыру бойынша материалдар, ұсынымдар;
учаскелік полиция инспекторларының жұмысын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері қоса берілді.
Нормалар жұмыс түрі бойынша жұмыс көлеміне қарай бірліктерге сағаттармен белгіленген.  
Полная версия
ИС BestProfi