Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 919 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 10-тармағына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің мынадай:
«Ювеналды полиция бөліністері орындайтын жұмыстың уақыт нормаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 19 тамыздағы № 532;
«Учаскелік полиция инспекторларының бөліністері орындайтын жұмыстың уақыт нормаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 19 тамыздағы № 533;
«Ішкі істер органдарының тергеу және анықтау бөліністері орындайтын жұмыстарға уақыт нормаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 859  бұйрықтарының күші жойылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
Полная версия
ИС BestProfi