Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.11.2015
Ювеналды полиция бөліністері орындайтын жұмыстың уақыт нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 532 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 13.11.2015 жылғы № 919 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ювеналды полиция бөліністері орындайтын жұмыстың уақыт нормалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ.Демеуовке және Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
КЕЛІСІЛДІ
 Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
 әлеуметтік даму вице-министрі
2014 жылғы «_____»________
 Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
 әлеуметтік даму министрлігінің
 20___ жылғы «____» ___________
 № хатымен
 (20___ жылғы «____» ___________
 дейін)
 Ұзартылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің 2014 жылғы
19 тамыздағы № 532 бұйрығымен
бекітілді
Ювеналды полиция бөліністері орындайтын жұмыстың  уақыт нормалары  
Уақыт нормалары ішкі істер органдары жүйесінде қолдану үшін арналған және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының және білім беру ұйымдарына бекітілген кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының (бұдан әрі - КТІ УПИ) нормативтік жүктемесін белгілеуге негіз болады.  
● хронометраждық бақылау негізінде жұмыс уақытын жұмсауды зерделеу материалдары;
● кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының және білім беру ұйымдарына бекітілген кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметіне сараптамалық бағалау деректері;
● кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының және білім беру ұйымдарына бекітілген кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының еңбек сыйымдылығы жұмысына әсер ететін негізгі факторларды сипаттайтын статистикалық деректер;
● еңбекті нормалауды ұйымдастыру бойынша материалдар, ұсынымдар;
● кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының және білім беру ұйымдарына бекітілген кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер жатады.
Уақыт нормалары дайындық-қорытынды жұмысы, жұмыс орнына қызмет көрсету, демалыс және негізгі қызмет уақытының 10% мөлшерінде жеке қажеттіліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған жүктелген міндеттерді өз құзыреті шегінде орындайтын қызмет көрсететін учаскеде немесе білім беру ұйымдарында КТІ УПИ орындайтын, жұмысына белгіленген:
Полная версия
ИС BestProfi