Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.11.2015
Учаскелік полиция инспекторларының бөліністері орындайтын жұмыстың уақыт нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 533 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 13.11.2015 жылғы № 919 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Учаскелік полиция инспекторларының бөліністері орындайтын жұмыстың уақыт нормалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ.Демеуовке және Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі 2014 жылғы «_____» ___________
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 20__ жылғы «___» __________ №__________ хатымен (20__ жылғы «___» ______ дейін) ҰЗАРТЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 533 бұйрығымен бекітілді
Учаскелік полиция инспекторлары бөлінісі атқаратын жұмыстың уақыт нормалары
1. Жалпы бөлім
Уақыт нормалары ішкі істер органдары жүйесінің аумақтық бөліністерінде қолдану үшін арналған.
Уақыт нормалары учаскелік полиция инспекторларының (бұдан әрі -УПИ) нормативтік жүктемесін айқындауға арналған және олардың қажетті штат санын айқындау үшін негіз болады.
Уақыт нормаларын әзірлеуге негіз ретінде:
хронометраждық бақылаулар негізінде жұмсалған жұмыс уақытын зерделеу материалдары;
учаскелік полиция инспекторлары қызметін сараптамалық бағалау деректері;
учаскелік полиция инспекторларының жұмыс еңбегіне әсер ететін негізгі факторларды сипаттайтын статистикалық деректер;
еңбек мөлшерлемелерін ұйымдастыру бойынша материалдар, ұсынымдар;
учаскелік полиция инспекторларының жұмысын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері қоса берілді.
Нормалар жұмыс түрі бойынша жұмыс көлеміне қарай бірліктерге сағаттармен белгіленген.
Полная версия

