Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.11.2015
Ювеналды полиция бөліністері орындайтын жұмыстың уақыт нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 532 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 13.11.2015 жылғы № 919 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Ювеналды полиция бөліністері орындайтын жұмыстың уақыт нормалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ.Демеуовке және Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі
2014 жылғы «_____»________ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 20___ жылғы «____» ___________ № хатымен (20___ жылғы «____» ___________ дейін) Ұзартылды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 532 бұйрығымен бекітілді
Ювеналды полиция бөліністері орындайтын жұмыстың уақыт нормалары
1. Жалпы бөлім
Уақыт нормалары ішкі істер органдары жүйесінде қолдану үшін арналған және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының және білім беру ұйымдарына бекітілген кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының (бұдан әрі - КТІ УПИ) нормативтік жүктемесін белгілеуге негіз болады.
Уақыт нормаларын әзірлеу негізіне:
● хронометраждық бақылау негізінде жұмыс уақытын жұмсауды зерделеу материалдары;
● кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының және білім беру ұйымдарына бекітілген кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметіне сараптамалық бағалау деректері;
● кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының және білім беру ұйымдарына бекітілген кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының еңбек сыйымдылығы жұмысына әсер ететін негізгі факторларды сипаттайтын статистикалық деректер;
● еңбекті нормалауды ұйымдастыру бойынша материалдар, ұсынымдар;
● кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының және білім беру ұйымдарына бекітілген кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер жатады.
Уақыт нормалары дайындық-қорытынды жұмысы, жұмыс орнына қызмет көрсету, демалыс және негізгі қызмет уақытының 10% мөлшерінде жеке қажеттіліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған жүктелген міндеттерді өз құзыреті шегінде орындайтын қызмет көрсететін учаскеде немесе білім беру ұйымдарында КТІ УПИ орындайтын, жұмысына белгіленген:
Т=Тже (1+(Тдқ +Тқк +Тджқ ))/100, онда
Полная версия

