«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының және «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының
«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған:
1) Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары;
2) бірінші репродукциялы және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттеріне бюджеттік субсидиялар нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өндеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде тұқым шаруашылығын дамытуға субсидиялар (бұдан әрі – субсидиялар) төлеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бірінші репродукциялы тұқымдар – бірінші жылдық элиталық тұқымды көбейтуден алынған тұқымдар;
2) бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары – генетикалық айырмашылығы бар аналық нысандарды будандастырудан алынған және гетерозис салдарларынан жақсы аналық нысаннан түсімділігі немесе өзге де көрсеткіштері бойынша асып түсетін өсімдіктердің тұқымдары.
3. Бірінші репродукциялы бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған тұқым өсіру шаруашылықтары (импорттауды қоспағанда) өсіреді және олар Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген сорттарға және (немесе) будандарға жатуы тиіс;
4. Субсидиялар сомаларын және тұқымдар мен көшеттердің әрбір түрі бойынша субсидия алушылар тізімін айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – аудан әкімдігі) шешімімен құрамына аудан әкімдігінің, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің қызметкерлері, облыстың (ауданның) мемлекеттік тұқым инспекторы, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың өкілдері кіретін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Полная версия

