Близость слов: Окончание:





«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 9873 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
2014 жылғы 21 тамыздағы
шығыс № 13-2048 хатқа қатысты
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
1. Тұжырымдамада өнімді әкелу кезінде сәйкестігін растау рәсімінен екінші қайтара жалтарған адамдарға, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген тәртіпте, Қазақстан Республикасының аумағында қызметтің осы түрін жүзеге асыруға тыйым салу түріндегі әсер етудің жаңа түрі қарастырылады.
Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында Заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесінің 9-тармағына сәйкес  (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 Қаулысы, бұдан әрі – Қағидалар) заңды қабылдау қажеттiлiгі туралы куәландыратын дәлелдердi баяндау нақты, келеңсiз құбылыстар мен процестердiң қолданыстағы заңнамамен жеткілiктi жасалмаған байланысын тиянақты түрде орнататын болуы тиiс.
Жоғарыда аталған Қағидалар негізінде, Тұжырымдамада жауапкершілікті қатайту ұсынылатындығын ескере отырып, осы енгізудің қажеттілігінің негізін қосымша пысықтау қажет деп санаймыз.
   2.   Тұтынушылардың құқықтарын бұзатын шарттардың талаптарының тізбесіне қатысты.    
Тұжырымдамада Заң жобасында тұтынушының құқықтарын бұзатын шарттардың талаптарының тізбесін айқындау ұсынылады. Олар тұтынушының өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіру жағдайында сатушының (орындаушының, даярлаушының) жауапкершілігінің жоқтығы немесе шектеулігі; сатушының (орындаушының, даярлаушының) шарттық міндеттемелерін және т.б. толық немесе ішінара орындамаулары немесе тиісті деңгейде орындамаулары жағдайында тұтынушылардың құқықтарының алынып тасталуы немесе шектелуі. Сондай-ақ, Тұжырымдамамен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексін тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін жаңа нормамен толықтыру ұсынылады.
Тұжырымдаманы аталған бөлікте мынадай негіздер бойынша пысықтау қажет деп санаймыз.
Біріншіден, АК 378-бабының 1-тармағына сәйкес, шарт - екi немесе одан көп адамның азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келiсiмшарт.
Бұл ретте, шарт талаптары тараптардың өз қалауы бойынша белгiленедi (АК 382-бабының 1-тармағы).
АК 393-бабының 1-тармағына сәйкес Тараптар арасында шарттың барлық елеулi ережелерi бойынша тиiстi жағдайларда талап етiлетiн нысанда келiсiмге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледi. Шарттың мәнi туралы ережелер, заңдарда елеулi деп танылған немесе шарттардың осы түрi үшiн қажеттi ережелер, сондай-ақ бiр тараптың мәлiмдеуi бойынша келiсiмге қол жеткiзуге тиiстi барлық ережелер елеулi ережелер болып табылады.
Яғни тараптардың өз ерік-қалауын білдіру бостандықтары шарт жасасу кезінде негізгі принциптердің бірі болып табылады.
Осыған орай, тараптарды шарттың талаптарын айқындауда шектеу жоғарыда аталған принципті бұзушылық деп санаймыз.
Екіншіден,  Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 60-бабының 5-тармағына сәйкес, әкiмшiлiк жаза қолдану адамды, орындалмағаны үшiн аталған жаза қолданылған мiндеттердi атқарудан, жол берiлген бұзушылықты жоюдан және зиянды өтеуден босатпайды.
Сонымен қатар, Тұжырымдамада әкімшілік жаза шаралары қолданылғаннан кейінгі жасалған шартқа қатысты құқықтық салдарлар айқындалмаған.
3.  Тұжырымдамаға сәйкес сатушы (орындаушы, даярлаушы) мен тұтынушы арасында жасалатын шарт айқын қалыптасқан және оларды түсіну үшін арнайы білімді талап етпейтін, екі ұшты түсінікті жоққа шығаратын шарттардан тұруы тиіс.
Алайда, осы қағиданы іс жүзінде қолдануға қатысты мәселе туындайды, себебі жеке және заңды тұлғалар шарт жасасуға  (АК 380-бабының 1-тармағы)  , сондай-ақ оның талаптарын айқындауға ерікті  (АК 382-бабының 1-тармағы)  .
Жоғарыда айтылғандар негізінде, Тұжырымдама аталған бөлікте қосымша пысықтауды талап етеді деп санаймыз.
Тұжырымдамада моральдық зиянды өтеу мүліктік зиянның және тұтынушы шығындарының өтеуіне қарамастан жүзеге асырылатынын көздеу ұсынылады.
Осы жағдайда келесіні атап өту қажет.
АК 9-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелiк немесе аралық сот: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейiнгi болған жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупiн туғызатын әрекеттерге тыйым салу; мiндеттi заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, төленетiн айыпты өндiртiп алу; мәмiленi жарамсыз деп тану;  моральдық зиянның өтемiн төлету ; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттiк басқару органының немесе жергiлiктi өкiлдi не атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтiн құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергi жасағаны үшiн мемлекеттiк органнан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндiртiп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдiстермен жүзеге асырады.
АК 951-бабының 2-тармағына сәйкес моральдық зиянды зиян келтiрушiнiң кiнәсi болған кезде зиян келтiрушi өтейдi.
Моральдық зиян - жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, соның iшiнде жәбiрленушiнiң өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.)  (АК 951-бабының 1-тармағы)  .
АК 9-бабының 1-тармағына сәйкес моральдық зиянды өтеу - азаматтық құқықтарды қорғаудың жекелеген тетігі болып табылады.
Яғни, азаматтық заңнамада моральдық зиянды өтеу талаптары зиянды (мүліктік және (немесе) мүліктік емес), шығындарды өтеу талаптарынан бөлек алынған. Оған қоса, көрсетілген талаптарды соттар жеке-жеке қарайды және олар бір-бірінен байланыссыз қойылуы мүмкін.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, ұсынылған түзетулерді енгізу орынсыз деп санаймыз.
  5.    Тұжырымдамада тұтынушылардың міндеттерін көздеу ұсынылады. Мысалы, тауарды қолдану алдында пайдалану ережесімен танысу, тауарды қолданудың ережесі мен шарттарын түсіндіру қажет болған жағдайда сатушыға (өндірушіге, орындаушыға) немесе басқа тұлғаға түсініктеме алу үшін жүгіну.
Бұл жағдайда «басқа тұлға» деп кімді тұспалдайтынын нақтылау қажет деп санаймыз.
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес, дәлелді жауап беруді сұраймыз.
Басқарма Төрағасының орынбасары З.Ноғайбай
Полная версия
ИС BestProfi