Близость слов: Окончание:





2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 108-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

2. Мемлекеттік органдар:
 1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
  
 2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
 
 Премьер-Министр  К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2014 жылғы 31шілдедегі
№ 108-ө өкімімен
бекітілген
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі
  	

Р/с №

Нормативтік құқықтық немесе құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Пробация қызметі пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

2.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің инженерлік-техникалық қадағалау, бақылау және күзет құралдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

3.

Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын, және сотталғандардың киім нысандары үлгілерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

4.

Қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдардың тұрғылықты жеріне немесе жұмысына жетуі үшін ақысыз жол жүрумен, сондай-ақ тамақпен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

5.

Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері жанындағы қамқоршылық кеңес туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

6.

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

7.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптемесі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

8.

Әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру үшін ішкі істер органдары пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

9.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ (жинақтау), Әділетмині

2014 жылғы қыркүйек

10.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде болу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

11.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және тексеріп-қараулар мен тінтулерді жүргізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

12.

Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

13.

Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқын бақылау бойынша пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу туралы қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

14.

Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жіберу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

15.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

16.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің инженерлік-техникалық қадағалау, бақылау және күзет құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

17.

Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

18.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ (жинақтау), БҒМ

2014 жылғы қыркүйек

19.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

20.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың діни жораларды орындауы үшін жағдайлар жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

21.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ (жинақтау), ТҚҚА

2014 жылғы қыркүйек

22.

Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру тәртібін бекіту туралы

бұйрық

ІІМ (жинақтау), ДСМ

2014 жылғы қыркүйек

23.

Сотталған әйелдер, кәмелеттік жасқа толмағандар жазасын өтеуге арналған қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелерінің және толық қауіпсіз режиміндегі мекемелердің күзетін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

24.

Қамауға алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

25.

Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

26.

«Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 97 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

27.

Сотталғандар жөнелтетін және алатын хат-хабарларды бақылау қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

28.

Ішкі тәртіптеме және сотталғандарды гауптвахтада ұстау тәртібі қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ҰҚК (келісім бойынша)

2014 жылғы қыркүйек

29.

Ішкі тәртіптеме және сотталғандарды гауптвахтада ұстау тәртібі қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

Қорғанысмині

2014 жылғы қыркүйек

30.

Ішкі тәртіптеме және сотталғандарды гауптвахтада ұстау тәртібі қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2014 жылғы қыркүйек

31.

Педагог лауазымын және кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

БҒМ

2014 жылғы қыркүйек

32.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімі

АҚҰО (келісім бойынша)

2014 жылғы қыркүйек

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ТҚҚА - Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
АҚҰО - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
Полная версия
ИС BestProfi